Ержан Максимнің 28 маусымдағы концертіне Микелла Абрамова қатыса ма?

Дата:
Автор: Кенжекей Тоқтамұрат
Ержан Максимнің 28 маусымдағы концертіне Микелла Абрамова қатыса ма?

"Голос. Дети" атты ресейлік "Бірінші арнадағы" вокалды телевизиялық шоудың 6 маусымына қатысқан қазақстандық Ержан Максим қазір ТМД елдеріне өте танымал жас әншіге айналды. Ол  28 маусым күні Нұр-Сұлтан қаласында жеке концертен өткізетіні белгілі болды.  

12 жастағы Ержан жоба төрешілерін бірінші сәттен-ақ тамсандырып, ерекше назарға ие болды. Жобаның финалына шығып, ақтық сында Миккела Абрамовадан (ресейлік жас орындаушы, әнші Алсудың қызы) ұтылған болатын. Бірақ, 16 мамыр күні "Бірінші арна" жобада жеңімпаз атанған Миккела Абрамованың дауыстарын жоққа шығарып, 24 мамыр күні арнайы шығарылым болатын жариялады. 

Осы оқиғаға байланысты Ержан Максим анасы Гүлмира Әлібекті ертіп Мәдениет және спорт министрі Арыстанбек Мұхамедиұлы, Жүргенов атындағы Қазақ Ұлттық өнер академиясының ректоры Асхат Маемировтың қатысуымен баспасөз мәслихатын өткізді.

Баспасөз мәслихатында Ержанға қойылған сұрақтардың көбіне  анасы Гүлмира Әлібек, министр Арыстанбек Мұхамедиұлы және Асхат мырза жауап беріп отырды. 

Сонымен Ержан Максимнің қандай жаңалықтары болып жатыр, соған тоқталсақ. 

"Мен Игорь Крутойдың шақыруын қабыл алдым" 

-Ержан, Мәскеуде Қазақстанның Ресейдегі Төтенше және өкілетті елшісі Иманғали Тасмағамбетовпен және композитор Игорь Крутоймен өткен кездесу туралы айта кетсең, Игорь Крутойға баратын болдың ба?

-Ең алдымен, барлықтарыңызға, бар жанкүйерлеріме шексіз алғысымды айтамын. Біріншіден, мені қолпаштап жүретін Арыстанбек ағама (Мәдениет және спорт министрі - авт) көп рақмет айтамын. Менің Нұр-Сұлтан қаласында өтетін  28 маусым күні өтетін алғашқы жеке концертіме шақырамын. Концертке қатысты және өзге де сұрақтарға осы кісілер жауап берсе. 

Анасы Гүлмира Әлібек: Әрине, қазір Ержанға жан-жақтан ұсыныстар түсіп жатыр. Игорь Крутой Ержанды қолдап, оқуға шақырды. Біз отбасымызбен Мәскеудегі Қазақстан елшілігіне жұмысқа барамыз, ал Ержан Игорь Крутойдың академиясында оқиды. 

-"Бірінші арна" "Голос. Дети" жобасының алтыншы маусымындағы дауыстарды жоққа шығарып тастады. Енді бірінші орынды Ержан алуы мүмкін бе, жалпы, Ержан канал 24 мамырға белгілеп отырған арнайы шығарылымға қатыса ма?

Бұл сұраққа Ержанның анасы Гүлмира Әлібек қысқа ғана жауап берді. "Мен Ержанның осы конуертке қатысатынын ғана айта аламын. Басқа ешқандай комментарий бере алмаймын". 

28 маусымдағы Ержанның жеке концерті халықаралық деңгейде өтеді

-Ержан және концерт ұйымдастырушыларынан білгім келетіні, концертте қандай әндер орындалады? Мүмкін, Ержанға арналып жазылған авторлық әндер бар шығар. Димаш Құдайберген шақырылды ма?

Бұл сұраққа Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясының ректоры Асхат Маемиров жауап берді. 

-Қазір концерттік бағдарлама құрылды. Бірақ, оны құпия ұстап отырмыз. Министр Ержанның концерті халықаралық деңгейде, жоғары сапада өтсін деп тапсырма берді. Сондықтан, әрине, концертке танымал әншілерді, тек қазақстандық емес, еуразиялық кеңістікке танымал орындаушыоарды шақырамыз. Бірақ, шетелдік әншілерден кім болатынын әзірге айта алмаймыз. 

-Концерт билетінің бағасы қандай болады? Және концертке әнші Алсу немесе қызы Микелла қатысуы мүмкін бе?

-Билеттің бағасы аса қымбат болмайды. Бұл концерт қаражат табу мақсатында ұйымдастырылып жатқан жоқ. Минималды бағада болады. Ал, Алсудың продюсерімен арнайы келіссөздер жүріп жатыр, бірақ, келіссөздер әзірге құпия, -деп жауап берді министр Арыстанбек Мұхамедиұлы. 

Айта кетейік, 28 маусым күні сағат 19.00 Нұр-Сұлтан қаласындағы "Қазақстан" концерт залында Ержан Максимнің бірінші жеке концерті жанды дауыста, симфониялық оркестірдің сүйемелдеуімен өтеді. 

 

 

Теги: Казахстан

Поделиться: