ЕАЭО мерейтойлық саммиті: Нұрсұлтан Назарбаевтың жаңа атағы мен мүше елдердің жаңа пайымдары

Дата:
Автор: Кенжекей Тоқтамұрат
ЕАЭО мерейтойлық саммиті: Нұрсұлтан Назарбаевтың жаңа атағы мен мүше елдердің жаңа пайымдары

29 мамыр күні Нұр-Сұлтан қаласындағы Тәуелсідік сарайында Еуразиялық экономикалық одақтың жоғарғы органы – Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңестің мерейтойлы отырысы өтті. Отырыс сондай-ақ Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың еуразиялық ықпалдастық туралы идеясының 25 жылдығы мен ЕАЭО туралы келісімнің бес жылдығына арналған. 

Мерейтойлы отырысқа кімдер қатысты? 

Екі бөлімге бөлініп өткен шараға Қазақстан Республикасының президенті Қасым-Жомарт Тоқаев, Ресей Федерациясының президенті Владимир Путин, Беларусь президенті Александр Лукашенко, Қырғыз Республикасының президенті Сооронбай Жээнбеков және де Арменияның премьер-министрі Никол Пашинян мен Қазақстанның Тұңғыш президенті Нұрсұлтан Назарбаев қатысты. 

Молдава Республикасының президенті Игорь Додон ЕАЭО жанындағы бақылауші ел ретінде, ал, Тәжікстанның президенті Эмомали Рахмон құрметті қонақ ретінде келді. 

Мерейтойлық саммит Армения Республикасының төрағалығымен өтті. Саммитті ашқан ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Арменияны осы мәртебемен құттықтап, Ресей Президенті Владимир Путиннің Нұрсұлтан Назарбаевқа жаңа атақ беру туралы ұсынысын жария етті. 

«Нұр-Сұлтан қаласына жиналған құрметті қонақтарды қарсы алуға қуаныштымын! Еуразиялық ықпалдастық идеясының автор Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевты жеке қарсы алуға рұқсат етіңіздер. Оның (Нұрсұлтан Назарбаевтың - авт) Еуразиялық экономикалық одақтың қалыптасуына сіңірген тарихи еңбегін ескере отырып, Ресей Президенті Владимир Путин Нұрсұлтан Назарбаевқа Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңестің құрметті төрағасы мәртебесін беруді ұсынды. Қазақстанның атынан Ресей президенті мен одақтақ әріптестердің бәріне алғыс айтамын», - деді Қасым-Жомарт Тоқаев. 

Нұрсұлтан Назарбаевқа жаңа мәртебе берудің мәні неде?

Ресей Федерациясының президенті Владимир Путин Қазақстанның Тұңғыш Президентіне бұл мәртебе нақты қандай еңбегі үшін беріліп отырғанын түсіндірді. 
"Әріптестерімнің мені қолдағанына өте қуаныштымын. Нұрсұлтан Әбішұлына жаңа мәртебе берудің өзіндік мәні бар және мәні зор. Бұл атақ Нұрсұлтан Әбішұлына осы идеяның авторы ретінде және оны жүзеге асырғаны үшін ғана беріліп отырған жоқ. Ол одақты құру жолында аянбай еңбек етті. Қазір де жұмыс істеп жүр, одақты нығайту үшін әлі көп пайдасын тигізуі мүмкін. Нұрсұлтан Әбішұлы, біздің ұсынысымызды қабыл алғаныңыз үшін рақмет", - дейді Путин. 

Сингапур, Мысырмен белсенді келіссөз жүріп жатыр 

Тар шеңберде өткен саммиттің бірінші бөлімінде Арменияның Премьер-министрі Никол Пашинян да сөз алып, одақтың халықаралық аясы кеңейіп жатқанын айтты. 

«Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңестің отырысында төрағалық ету мен үшін үлкен құрмет. Биыл біз екі мерейтойды атап өтіп отырмыз. ЕАЭО жоспар бойынша дамып жатқанын, сол арқылы елдеріміздің бизнесі мен экономикасы үшін жаңа мүмкіндіктер ашып отырғанын айта кету керек», - дейді тар шеңберде сөз алған Никол Пашинян. 

Оның айтуынша, қазір серіктес елдердің аясы кеңейіп жатыр. «Оның үстіне, қаір Иранмен еркін сауда туралы келісімшарт күшіне енеді, Қытаймен ақпарат алмасу туралы келісімге де қол қойылып қойды. Вьетнам, Сингапур және Мысырмен белсенді келіссөздер жүріп жатыр. Және де мен рсы келіссөдер нақты нәтиже беріп, жаңа мүмкіндіктерге жол ашады деп сенемін», - деді Арменияның премьер-министрі. 

Саммиттің кеңейтілген отырысы қалай өтті?

Түс ауа Еуразиялық экономикалық одақтың жоғарғы кеңесінің кеңейтілген отырысы басталды. Кеңейтілген отырыста еуразиялық ықпалдастық идеясының авторы ретінде Нұрсұлтан Назарбаев сөз алды. Ол осы одақтың жұмысына қатысты жаңадан бес ұсынысын жария етті. 

«Жоғарғы Еуразиялық экономикалық кеңестің мүшелері! Сіздерді қазақ жерінде көргеніме қуаныштымын. Бірге жұмыс істеп, қиын-қыстау кезеңдерде бір-бірімізді қолдадық. Жоғары Еуразиялық экономикалық одақтың құрметті төрағасы мәртебесін бергендеріңіз үшін алғыс айтамын. Тәжірибемді ескеріп, барлықтарыңыз үшін, әсіресе, ЕАЭО үшін пайдамды тигізуге тырысамын», - деді Назарбаев. 

Еуразиялық экономикалық одақтың бес жылдағы нәтижелеріне тоқталған Нұрсұлтан Назарбаев заманның өзгеріп жатқанын, сол сияқты, кез келген мемлекет пен ұйымдардың жаңа бағыттарды меңгеруі керектігін айта келе, «құрметті төраға ретінде» осы одақтың алдағы дамуына қатысты бірнеше ұсынысын жария етті. Дәлірек айтсақ, бес ұсыныс. 

«Бірінші. Еураиялық экономикалық одақтың стратегиялық контурларын кеңейту, ықпалдастық идеясын күшейту. ЕАЭО, Еуропалық одақ, Шанхай ынтымақтастық одағы арасында толыққанды экономикалық ынтымақтастықты бір жолға қоюымы керек. Бұл – оңай міндет емес». 

Екінші. «Бір белдеу, бір жол» атты қытай бастамасы Еураиялық экономикалық одақтың инфрақұрылым мен логистика бағытындағы әлеуетін ары қарай жалғастыратын бөлікке айналу керек. 

Үшіншіден. Ақылды ықпалдастық форматы. Нені импорттап отырғанымызды анализден өткізуіміз керек. Ойланайықшы. Мен бұл туралы ойландым.  Мен қазақстандық құрылымды қарадым. Инфляцияның 50 пайызын импорттан алып отырмыз. Біз импорттап отырған дүниенің бәрі өндіріп отырған заттарымы. Машина құрастыру өнімдері – жарайды. Бірақ, халық тұтынып отырған тауарлар ше, туфли, ботинка, шұлық, костюм, жейде, тіпті, ет пен сүтті де өз елдерімізде шығара аламыз ғой. Осы тауарлардың легін елдеріміздің ішіне жібермедік. Осы тауарларды өзіміз неге шығармаймыз?». 

Төртінші. Қатысушы елдерді біріктіретін жобалар керек, мысалы Еуропалық одақтағы Airbus концерні сияқты. Ол жобалар күшті ядро бола алар еді. 

Бесіншіден. Сауда соғыстарында нарықтарды жаулап алатын жаңа стратегиялар керек. Мысалы, санкциялардың кесірінен бүгінде Америкадан Қытайға, Қытайдан Америкаға жеткізілетін тауарларда айырмашылық бар. Осыны зерттеп, осы бағытта өз тауарларымызды неге ұсынбасқа? Осыдан біз де пайда көре аламыз. Осы және өзге де ұсыныстарды ескеріп, 2025 жылға дейінгі Жол картасын әзірлеуді ұсынамын». 

«Сіздерді Арменияда көргіміз келеді»

Арменияның Премьер-министрі Никол Пашинян Қазақстанда өткен мерейтойлық отырысқа жақсы баға берді. 

«Шараны жақсы ұйымдастырған Қазақстанға алғыс айтамыз. Төраға етуші мемлекет ретінде біз әрине, байланыстардың кеңеюіне мән беріп отырмыз. Бұған дейін айтқанымдай, Сингапур, Индия, Сербия сияқты елдермен тиімді келісім жасауды көздеп отырмыз», - дейді Пашинян. 

Оның айтуынша, Армения Еураиялық экономикалық одақтың күн тәртібіндегі сандық мәселелерді қолдайды. Соның ішінде, ерекше режим, цифрлық орталықтардың дамуы. Сонымен қатар, мүше мемлекеттер сияқты, үшінші тараптағы елдермен де бәсекелестікті дамытуға ниетті екенін мәлім етті Арменияның премьер-министрі. 

«Осыған байланысты, Армения Одаққа Армения мен Қырғыз Республикасының қосылуына орай,  Еуразиялық экономикалық одақ туралы келісімнің елдер арасында электр энергиясын беру жөніндегі методологиясы туралы өзгеріс енгізу қолдайды. Сіздерді 2019 жылдың 1 қазанында Жоғары Еуразиялық экономикалық одақтың отырысы өтетін Арменияда қуана қарсы аламыз», - деді сөзін түйіндеген ол. 

Өзге Президенттер не айтты?

Беларусь Президенті Александр Лукашенко болса, Еуразиялық экономикалық одақ әлі жас одақ дейді. «Бірақ, жастығына қарамай, елдердің өсімін қамтамасыз ете отырып, тиімділігі мен аяқта нық тұра алатынын көрсетті. Одақтың әлеуеті әлі ашылған жоқ, ол әлі көп мүмкіндікке ие», - деп атап өтті Лукашенко. 

Қырғыз Республикасының Президенті Сооранбай Жээнбеков Нұрсұлтан Назарбаевты «ақылды ақсақалға» теңеп, осы қарқында даму – одаққа ор мүмкіндік береді дейді. 

«Еуразиялық ықпалдастықт форматы биыл мерейтойын атап өтіп отыр. Еуразияшылдық туралы көп адамдар армандаған. Тек Нұрсұлтан Назарбаевқа қана осы идеяға өмір берді. Бідің ақылды ақсақал Ресей және Беларусь президенттерімен бірге Еуразиялық экономикалық одақ құрды. Әлемдік қауіптерге қарамастан, одақ қалыптасты әлі де дамып жатыр», - дейді Қырғыз Президенті. 

Оның айтуынша, енді осы қарқыннан қайтпай, ішкі нарықтағы кедергілерді жоя отырып, одақты әрі қарай дамыта беру керек. 

Ресей Президенті Владимир Путин болса, әріптестерінің одақ жұмысына берген бағасымен келісе отырып, былтырғы жылдың нақты нәтижелеріне тоқталды. 

«Одақ аясында 180 млн-нан астам тұтынушысы бар ортақ нарық құрылды. Былтырғы жылдың нәтижесіне қарасақ, Еуразиялық экономикалық одақ елдерінің бірге алғандағы жалпы ішкі өнімі 2,5 пайызға өскен. Ішкі нарыққа қарағанда, сыртқы елдермен сауда-саттық деңгейі артып отыр. 

Еуразиялық экономикалық одақ елдердің әр түрлі саладағы ынтымақтастықтарын тереңдетті», - деген Владимир Путин де бірқатар ұсыныстарын айтты. 

Нақтырақ айтсақ, Путиннің пайымынша, әкімшілік процедураларды жеңілдетіп, тарифті емес кедергілерді жою керек, сонымен қатар, банктік саланы реттеуді де қолға алу керек.

Теги: ЕАЭС

Поделиться: